Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

LRT құрылысы үшін Консорциум алдындағы қарыз 203 млн АҚШ долларын құрайды - әкімдік

AstanaTV
13.06.2019ж. 20:00
2140
LRT құрылысы үшін Консорциум алдындағы қарыз 203 млн АҚШ долларын құрайды - әкімдік

Елордадағы жеңіл рельсті транспорттың құрылысы тоқтаған жоқ, ол 2020 жылдың соңына қарай іске қосылады. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі біздің арна тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.  

Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Үкімет қаулысымен ЛРТ құрылысына алынған қарыз қайта қарастырылған еді. Енді қаражатты Қытай емес, басқа қаржы көздері аударады. Кепілдемеге қол қойылды. Негізі қаржыландыру мәселесімен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі айналысады. Жұмыс жалғасып жатыр, тоқтаған жоқ. Тек құрылыс қарқыны бәсеңдеді.

Ал "Астана" арнасының осыған қатысты сауалына әкімдік жауабы қысқа әрі нұсқа. Жазбаша жауапта «негізгі жұмыс қаржы аударылғаннан кейін басталады, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр» делінген. Мердігерді ауыстыру қарастырылмаған. Қытайлықтар алдындағы қарыз сомасы да белгілі болды. 

- Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар үшін құрылыс жүргізген Консорциум алдындағы қарыз 203 млн АҚШ долларын құрайды.

Д. Қайыртай