Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Астана су арнасы» АҚ 2 қызметкері 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

AstanaTV
14.06.2019ж. 20:00
1552
«Астана су арнасы» АҚ 2 қызметкері 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

4 жұмысшының қазасы үшін «Астана су арнасының» екі басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев осылай деп мәлімдеді. Мерт болған азаматтарға тікелей тапсырма берген - мекеменің Алматы аудандық бөлімше басшысы мен жұмыс қауіпсіздігіне жауапты бас механигі. Олар абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін айыпталып отыр. Ал тірі қалған жұмысшы қазір ауруханадан шығарылды. Тергеу жұмыстары 1 айдың ішінде аяқталмақ.  

Ғазиз НҰРҚАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға болған жерде бас механик те жүрген. Ол жұмыс істемей тұрған сорғы станциясын бұзу жұмысын ұйымдастырған. Ал Алматы аудандық бөлімше басшысы жұмысшыларға тікелей тапсырма берген. Қазір олар жеткіліксіз жұмыс істегенін мойындап отыр.

Еске салайық, 23 мамырда елордада 4 адам метан газынан уланып қайтыс болды. Марқұмдар - «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері. Бригада жұмыс істемей тұрған сорғы станциясын бұзбақ болады. Алдымен бір жұмысшы есінен танып, құдыққа құлап түскен. Оны құтқармақ болған қалған үшеуі артынан барып, резервуардан қайтып шықпаған.

А. Бектас