Негізгі / Жаңалықтар / 3 ай бұрын болған жантүршігерлік жол апатының себебі анықталды

3 ай бұрын болған жантүршігерлік жол апатының себебі анықталды

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті 3 ай бұрын болған жантүршігерлік жол апатының себебін анықтады. Алдындағы көлікке соқтығысқан автобус жүргізушісінің жүрек соғысы нашарлап, қан айналмағандықтан есінен танып қалған. Ал қоғамдық көліктің техникалық жағдайында мін болмаған. Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Артықов мұның алдын ала тергеу нәтижесі екенін ескертеді. 301-маршруттың апатына қатысты толық тексеру жұмысы 26 маусымда аяқталатынын жеткізді. 

Қайрат АРТЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сараптама медициналық құжаттарға сай жүргізіліп жатыр. Себебі, зардап шеккендер ары қарай сотқа арыз түсіргелі отыр. Осыған байланысты, ем аяқталғаннан кейін барлық зардап шеккендердің медициналық құжаттарын тексеріп, сараптама тағайындадық. Сот-дәрігерлік сараптамаға сәйкес, автобус жүргізушісі көлікті айдап келе жатып, апатқа жол берген.

26 наурызда елордада жолаушыларға лық толы үш автобус соқтығысқан. Апаттан 2 адам ажал құшып, 33 адам зардап шекті. Автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қаза тапты.

А. Бектас