Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада балабақшаға орын үлестіретін электронды жүйе маусымның 27-сі қайта іске қосылады

AstanaTV
14.06.2019ж. 20:00
1550
Елордада балабақшаға орын үлестіретін электронды жүйе маусымның 27-сі қайта іске қосылады

Елордада балабақшаға орын үлестіретін электронды жүйе маусымның 27-сі қайта іске қосылады. Қалалық Білім басқармасының басшысы жеке кабинеттерге 25-нен бастап кіре беруге болатынын да айтты. Ал жүйе іске қосылған күні 2017 жылғы бүлдіршіндерге орын беріледі. Шілденің бірінде 3 жасар балаларға орын үлестіріледі. 2015 жылы туғандар 4-ші, ал 2013-14 жылғылар 9-шы шілдеден бастап орналастырылады. Естеріңізге салайық, электронды жүйе осы айдың онынан жұмыс істей бастауы керек еді. Онымен мектепке дейінгі мекемелерге 17 мың бала орналасуға тиіс болатын. Бірақ сайтқа хакерлер шабуыл жасалып, жұмыс кейінге ысырылған.  

Әнуар ЖАНҒОЗИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз қазір жүйені хакерлерден қорғау бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін арнайы қондырғылар керек. Бастапқыда мұндай шабуылдар болады деп ойламаған едік.

Хакерлік шабуылға дейін 116 балаға жолдама берілген. Орын кезек бойынша бөлінеді. Қазір 7 мың баланың кезегі келіп тұр.

Д. Қайыртай