Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ұлыбританияда теледебат өтті

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
2089
Ұлыбританияда теледебат өтті

Ал Ұлыбританияда теледебатқа Борис Джонсон келмей қалды. Елде партия басшылығы мен премьер-министрлікке кандидаттар проблемаларды телестудияда талқылауы керек болатын. Жүргізуші эфир үстінде Джонсонды қайта-қайта шақырып, кешіксе де келуін сұраған. Алдын ала болжанғандай дебаттағы негізгі тақырып Брексит болды. Кандидаттар ұйымнан келіссөзсіз шығу туралы залдан қойылған сұраққа жауап беруді Джонсонға ысырып қоя салды. Ал Джереми Хант «Бес әріптесімен кездесе алмаған Бористің 27 еуропа еліне шамасы жете ме?» деп түйреп алды. Джонсон дебатқа қатысуға келісім берді. Алайда сайлаудың екінші турынан соң, деп отыр. Ол рейтингін түсіріп алудан қорқатын секілді деп жазады Рейтерс. Борис Джонсон бірінші турда 114 дауыс жинады. Бұл басты қарсыласы Джереми Ханттан 3 есе көп. 

Д. Қайыртай