Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нотр-Дам де Пари шіркеуін қалпына келтіруге олигархтар көк тиын да бөлмеген

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
2301
Нотр-Дам де Пари шіркеуін қалпына келтіруге олигархтар көк тиын да бөлмеген

Ал Нотр-Дам де Пари шіркеуін қалпына келтіруге олигархтар көк тиын да бөлмеген. Қорға қарапайым америкалықтар мен француздар ғана ақша аударған болып шықты. Француздың бай-манаптары жөндеу жұмыстарына 1 миллиард доллардан бөлеміз деп жар салған болатын. Енді жұртшылық мұны тек " бос жарнама" деп айыптап жатыр. Мәселен миллиардер Франсуа Пино және Total мұнай-газ корпарациясының президенті Патрик Пуянне 100 млн еуродан бөлетінін мәлімдеген. Ал Louis Vuitton мен Dior-дың қожайыны Бернар Арно және әлемдегі ең бай әйелдердің бірі Бетанкур Майерс 200 млн еуродан бөлеміз деген. Отқа оранған шіркеуде күні кеше, төтенше жайттан соң алғаш рет католиктік құлшылық рәсімі өтті. Барлық діни қызметкерлер қауіпсіздік мақсатында бастарына құрылыс каскасын киюге мәжбүр болды.

Мишель ОПЕТИ, АРХИЕПИСКОП:

Менің жөндеу жұмыстарына қаражат түседі дегенге сенімім мол. Бірақ әзірге ешқандай қаражат түскен жоқ. Уәде берген адамдар өз сөзінде тұрады деп ойлаймын. Бізге қазір ақшаның мейілінші тез түскені маңызды. Кем дегенде 3 жарым миллион еуро қажет. 

Еске салсақ, Францияның символы саналатын шіркеу 15-сәуірде өртеніп, шатыры күлге айналған. 400-ге жуық өрт сөндірушінің арқасында ғимараттың маңызды бөліктері аман қалды. Ал Франция президенті 5 жыл ішінде Нотр-Дам де Пари толық қалпына келіп, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайын болатынын мәлімдеді.  

Ә. Өмірзақ