Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ел Президентінің 10 тапсырмасы - Қазақстанның ертеңі, - «Nur Otan»

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
5622
Ел Президентінің 10 тапсырмасы - Қазақстанның ертеңі, -  «Nur Otan»

Ел Президенті белгілеген он бағыт Қазақстан халқының ертеңі мен ел экономикасына тікелей әсер беретін бірден-бір жоба. Бүгін Шымкентте өткен «Nur Otan» партиясы мүшелері бас қосқан мәслихатта жиналғандар осылай деді. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президентті ұлықтау рәсімінде, мемлекет басшысы он негізгі бағытты айқындап берген болатын. Атап айтар болсақ, халықтың табысын арттыру, баспана жайы және жұмыссыздық мәселесін шешу. 

Еркін САТҚАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ :

Халықтың қазір қарап, назар аударып отырған уақыттағы өте дәл уақытында айтылған мына он бағыт. Өте қажетті дүние. Сондықтан ең бірінші біздің қоғамдағы сыбайлас-жемқорлықты құрту мәселесіне аса тоқталды. Сонан кейін екінші мәселе -әділеттілік. Әділеттік орнайтын болса, заң болатын болса біздің қоғам жақсы қоғам болады. Сондықтан мен осыны қолдаймын өзім депутат ретінде, азамат ретінде.

Ал Алматы облысында партия өкілдері Президент тапсырмасын бастауыш партия ұйымдарында түсіндіріп жатыр. Алғашқы кездесу Қарасай ауданындағы Байжановтың есімімен аталатын орта мектепте болды. Басқосуға бас партияның қырықтан астам мүшесі қатысты. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Мараттың айтуынша, алдағы бірнеше аптада мұндай жұмыстары он екі партия ұйымында өтеді.

Ақшолпан МАРАТ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы облысындағы жоспарлы іс-шаралар ауқымы артады. Біздің «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарында, барлық партиялық топтарда бұл шаруалар жалғасын табатын болады.

А. Төребекқызы