$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жомарт Ертаевты қамау уақыты 15 тамызға дейін ұзартылды

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
3499
Жомарт Ертаевты қамау уақыты 15 тамызға дейін ұзартылды

Жомарт Ертаевты қамау мерзімі тағы да ұзартылды. Ол осы жылдың 15 тамызына дейін тұтқында болмақ. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі ақпарат таратты.  

Диас МАХАМБЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Жомарт Ертаевқа қамауда алу туралы бас шарасы бес айға дейін, яғни 15 тамызға ұзартылды. Жомарт Ертаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28 бабының 3 бөлігі - 189 бабының 4 бөлігінің 2 тармағында көзделген ауыр қылмысты жасауда сезіктеледі.

Қалалық соттың дерегінші, іс Бас прокуратураның тергеу оперативтік тобы басшысының өтініші бойынша ұзартылған. Олар сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты, сот мерзімін кейінге шегеруді сұрап, өтініш түсірген. Естеріңізге салсақ, ол "RBK банкінен" шамамен 144 миллиард теңге жымқырды деген күдік бар. Бұл жымысқы әрекетіне банктің 41 топ менеджерін пайдаланған. Халықаралық іздеу жарияланып, Жомарт Ертаев Интерполдың Ұлттық орталық бюросының тапсырысымен былтыр көктемде Мәскеуде ұсталған еді.