Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда «Жас Отан» коворкинг орталығы ашылды

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
2969
Алматыда «Жас Отан» коворкинг орталығы ашылды

Алматыда кәсіпкерлердің қолдауымен «Жас Отан» коворкинг орталығы ашылды. Орталық «Нұр Отан» партиясы қарамағында жұмыс істейді. Бұл жерде жастар өздерінің креативті ойлары мен жобаларын талқылап, оларды жүзеге асыра алады. Мұнда қажетті жабдықтар бар, жастарға барлық жағдай жасалған. Жылдам интернет пен қонақтарға арналған конференц зал да қарастырылыпты. Сонымен қатар, демалуға арналған орындар мен кітап дүкені де жасақталған. Орталықтың тұсау кесер салтанатында Алматы қаласының партия филиалының төрағасы, қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Ол өз сөзінде Бұл - мемлекеттік жастар саясатының нақты жүзеге асырылып жатқанының нақты бір дәлелі,-деді.