Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Каспий итбалықтарын сақтап қалу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ жасалмақ

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
4943
Каспий итбалықтарын сақтап қалу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ жасалмақ

Ал Каспийде итбалықтар саны жылдан жылға азайып барады. Қазір олардың саны 100 мыңға да жетпейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары осы популяцияны айрықша қорғауға алу керек деп дабыл қақты. Ерлан Нысанбаев елде 26,2 млн гектар жер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады дейді. Ал 2025 жылға дейін оны 27 млн гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. Сонда республика территориясының 10 пайызы ерекше қорғауға алынбақ. 

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Итбалықтарды аман алып қалу үшін Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналдыру керек. Популяция жыл өткен сайын жойылып барады. Бұл - қауіпті.

Д. Қайыртай