Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қ. Тоқаев тапсырмасының ізімен: Оралдық жұмыспен қамту орталығы алғаш рет ірі кәсіпорындарға маман дайындап жатыр

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
1809
Қ. Тоқаев тапсырмасының ізімен: Оралдық жұмыспен қамту орталығы алғаш рет ірі кәсіпорындарға маман дайындап жатыр

Оралда ірі кәсіпорындарға қажетті мамандар алғаш рет дайындалып жатыр. Бұл істі жүзеге асыру үшін мамандандырылған оқыту курстары ашылыпты. Айта кетелік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлықтау кезінде жұмыспен қамтудың маңыздылығына кеңінен тоқталған еді. Ол лайықты жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Бұл - мемлекет басшысы жүктеген он тапсырманың бірі. Қазір Оралда 1 256 адам жұмыссыз ретінде тіркеліпті. Әсіресе іс қағаздарын жүргізушілер, есепшілер, дәрігерлер мен мұғалімдерге сұраныс жоғары. Ал құрылыс компаниялары дәнекерлеуші, кран машинисі, экскаваторшы мен қара жұмысшыларына мұқтаж. Жұмыспен қамту орталығына келушілердің дені - орта жастағы әйелдер мен жоғары және орта білім беретін оқу орындарын бітірген түлектер. Венера Махметова орталыққа жұмыс іздеп келген. Оқуын бітірген келіншек мамандығына сай жұмыс таба алмапты. Енді ол қайта бейімдеу курсынан өтіп, аспаздықтың қыр-сырын меңгермек.

Венера МАХМЕТОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ :

Мысалы, торт, пирожный, пирогтарды үйден пісіремін. Қазір интернет желісі жақсы ғой. Қараймын да кез-келген рецептімен пісіре саламын. Болашақта өзіме мүмкін жеке аспазхана ашып алармын неше түрлі тәтті тағамдар пісіруге. 

Жұмыссыз жүрген жігіттер орталықта саусақпен санарлық. Өйткені олар вахталық әдіспен кен орындарында немесе көлік жөндеу орталықтарында жұмыс істегісі келеді. Бүгінде жұмыспен қамту орталығы 200-ге тарта жұмыссызды қайта оқытып жатыр.

Нұржан АТКЕШЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ :

Былтырғы қысқа мерзімді оқыту курсын айтсақ, 216 адам қысқа мерзімді оқыту курсына жолданып, 174-і жұмысқа орналасты. Яғни 75 пайыз көлемінде нәтиже көрсетіп отыр. Биылғы таңда сол қысқа мерзімді оқыту курстарына шыны керек бағдарлама қатысушылары өте аз. Яғни, ол жұмыссыздықтың төмендегенін, сұраныстың толыққандығын көрсетеді.

Е. Карин