Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Петропавлда қалалық сумен қамту серіктестігі кәріз жүйесін тазартып, газдың иісін кетірді

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
2374
Петропавлда қалалық сумен қамту серіктестігі кәріз жүйесін тазартып, газдың иісін кетірді

Петропавлды жайлаған сасық иісті кетіру үшін, 400 литр сұйық сабын жұмсалды. "Қызылжар су" мекемесі кәріз жүйесін тазартып шыққан. 

Сергей ВИЗЕРОВ, "ҚЫЗЫЛЖАР СУ" ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ

Біздің мамандар кәріз құбырларының түгел тексеріп шықты. Иістің қайдан келіп жатқаны табылмады. Кейін үш гидранттан су жіберіліп, құбырлар бастан аяқ шайылды. Қазір иіс жоқ. Мен бұл салада 35 жыл қызмет етемін. Шынымды айтайын, мұндай жағдайды бірінші рет кездестіріп отырмын.

Еске салайық, Қызылжар тұрғындары бес күннен бері белгісіз бір газға тұншығып жатқанын кеше айтқан болатынбыз. Құзырлы органдар жағымсыз иістің кәріз жүйесінен шығып жатқанын анықтаған еді. Ізінше экологтар мен эпидемиолог мамандар судың сараптамасын алған. Нәтижесі әлі белгісіз. 

А. Құрманкин