$487.37 €532.94 ₽5.09
×

"Дос-Мұқасан" солисі М. Құсайыновтың басы тағы дауға қалды

AstanaTV
20.06.2019ж. 20:00
5729
"Дос-Мұқасан" солисі М. Құсайыновтың басы тағы дауға қалды

"Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайыновтың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол билік өкіліне тіл тигізді деп айыпталып отыр. Белгілі болғандай Құсайынов биыл 14-ші сәуірде астана әуежайының ғимаратында бортта тіркелген бұзақылықты алдын-ала тергеу кезінде әуежайдағы полиция бөлімі қызметкеріне тіл тигізген. Істі Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық соты қарап жатыр. Дегенмен, екі тарап та соттың жабық өткенін талап етті.

- Ходатайство о рассмотрении уголовного дела в закрытом судебном заседаний и при постанавлений судебного акта не разглашать о принятом решении.  

Еске салсақ, сәуір айында Мұрат Құсайынов "Эйр Астана" өкілдерімен сөзге келіп қалған еді. Борт қызметкер- әншінің қол көтергенін айтқан. Ал музыкант өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, аяқ киімін шешуді талап еткені үшін қызға ұрысып тастағанын алға тартқан. Дегенмен, Құсайыновқа сол кезде 12 мың теңге көлемінде айппұл салынған. Ал бүгін тараптар бірі бірін кешіріп тарасты. 

Н. Біләл