Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстанда болжам бойынша 2027 жылға дейін электрқуатына мұқтаждық болмайды - Қ.Бозымбаев

AstanaTV
20.06.2019ж. 20:00
2294
Қазақстанда болжам бойынша 2027 жылға дейін электрқуатына мұқтаждық болмайды - Қ.Бозымбаев

Қазақстанда АЭС салынатыны туралы қауесет «саяси инсинуация» немесе өзге елдердің өз технологиясын сатуға деген ниетінен туындауы мүмкін. Бүгін халыққа есеп берген Энергетика министрі осылай деді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, станция құрылысы туралы ешқандай шешім шығарылмаған. Тіпті, болжам бойынша елде электрқуатына мұқтаждық 2027 жылға дейін болмайтынын айтты. Алайда алдағы 10 жылдың ішінде АЭС салу туралы мәселе қайта көтеріліп қалуы мүмкін деп отыр. 

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

2025-30 жылдардан кейін оңтүстік не орталық өңірлерде электр қуатын өндіретін стансаға қажеттілік туындайды. Оны сол Үлкен аулында салып қалуымыз мүмкін. Негізі, Қазақстандағы АЭС құрылысы жөнінде зерттеулер әрдайым жүргізіліп отырады. Себебі ондай технологияларды білу, реакторларда ғылыми зерттеулер жасау бізді дамыған елдердің қатарына қосады. Мұндай жұмыстар жалғаса да береді. Зерттеулердің қорқудың қажеті жоқ.

Д. Қайыртай