Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алдағы 30 жыл адамзат тарихындағы күрделі кезең болуы мүмкін

AstanaTV
21.06.2019ж. 20:00
2324
Алдағы 30 жыл адамзат тарихындағы күрделі кезең болуы мүмкін

Алдағы 30 жыл адамзат тарихындағы күрделі кезең болуы мүмкін. «Кемеңгерлікке 30 жыл» халықаралық конференцияда Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. 2050 жылға қарай энергияны тұтыну 3 есеге артады. Ол кезде мұнай, көмір мен газды жаңа технологиялар ығыстырмақ. Президент қаржы жүйесіндендегі құнсыздануды да болжады. Әлем мен Қазақстан алдында қандай мәселе тұр? Келесі материалда толығырақ. 

«Президент орнымда отырып сөйлеуге рұқсат берді». Нұрсұлтан Назарбаев сөзін осыдан бастады. Жиналғандар күлкіге қарық болды. Тұңғыш президент елді құру жолында кездескен қиындықтарды жіпке тізді. Нұрсұлтан Назарбаев оны 6 бөлікке бөліп айтты.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Первое - это разваливающаяся экономика, драматический разрыв экономических связей, отсутствие координации в действиях новых появившихся государств. привели к жесточайшей экономической катастрофе. Риск возникновения межэтнических конфликтов тоже стоял перед нами. Мы решали эти невероятно сложные вызовы, о которых я сказал выше.

Біраз істің атқарылғанын айтқан тұңғыш президент алдағы 100 жылдық бұдан да күрделі болады деді. Әлем технологиялық қарқынды әрі үздіксіз толқында болатынын болжады. Ол жаңа беталыспен жаңа тұлғалар мен жаңа мәселелермен дамымақ.    

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Наступает вторая эра машин. Мы видим взрывной рост технологий машинного обучения, исскуственного интеллекта и трансгуманизма. Во - вторых, очередная революция приведет к экономической парадигме в целом. Этот прорыв можно будет сравнить с изобретением двигателя внутреннего сгорания, электричества и компьютерных технологий, каждый из которых стал поворотным моментом в развитии земли.

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы жүйесінде девальвация болатынын да жоққа шығармады. Жиынға қатысқан қонақтар тұңғыш президенттің көрегендігін бағалап, елдер арасын жақындатудағы еңбегін еледі.  

Эльман НАСИРОВ, ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ол ұлы адам. Біз осы тұлғаның замандасы болғанымызға қуанамыз. Ол сөз алғанда Қазақстанның қандай қиындықтарды бастан өткергенін баяндады. Сондықтан бүгінде Қазақстан жеткен жетістіктің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты.

Тұңғыш президент уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты. Ол Қазақстан-Британия техникалық университеті гүлзарына салынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың параққа жазған үндеуі тура 30 жылдан кейін белгілі болмақ.  

Г. Меңдеева