$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Арыстағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
2807
Арыстағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Арыстағы жойқын жарылыстан 1 адам қаза тапты. Оның көлігіне снаряд құралған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі хабарлады. Ал зардап шеккендердің қатары 70-тен асады. Дәрігерлер 2 адамның жағдайын ауыр деп отыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Мира СҮЛЕЙМЕНОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бір адам қайтыс болды деп жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан ауыр жағдайдағы 2-3 адам бар. Күйік шалған, денелері тіліктен жарақат алғандар бар. Қазір шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қажет болған жағдайда науқастарға арналып 200-ден астам орын ашылды. Ал Арыстың өзіндегі орталық ауруханадан науқастардың барлығы басқа жақтарға көшірілді.

Шымкенттегі №1 аурухананың өзіне қазір 20-ға жуық науқас келіп түскен. Олардың бесеуі - бала. Ал ауыр жағдайда түскен 1 адамға қазір ота жасалып жатыр.

Өткіржан МОЛДАХАНОВ, №1 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жарылыстың әсерінен жарықшақтар аяғына келіп тиген. Әлі де келіп жатыр. Көріп жатырсыздар. Поступление болып жатыр. Науқастар мекеме басшысы мен денсаулық сақтау басқармасының қатаң бақылауында. Науқастармен психолог-мамандар жұмыс жасап жатыр.

А. Бектас