Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Арыстағы жарылысқа байланысты қаланың үстімен өтетін 11 пойыз тоқтатылды

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
5134
Арыстағы жарылысқа байланысты қаланың үстімен өтетін 11 пойыз тоқтатылды

Арыстағы жарылысқа байланысты қаланың үстімен өтетін 13 пойыз тоқтатылды. 4 жарым мың адам діттеген жеріне жете алмай, 38 градус ыстықта шағын стансаларда аялдап қалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының ресми өкілі мәлімдеді. Айта кетсек, Шымкент-Арыс-Тимур Қазақстанның ірі қалалары мен көрші мемлекеттерге шығатын негізгі темір жол бағыттарының бірі. Қауіпсіздік үшін Төтенше жағдай өкілдері рұқсат бермейінше, бұл бағыт ашылмайды.  

Диас АХМЕТШӘРІП, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жолдың қашан ашылатынын біз әлі білмейміз. Сол себепті жол ашылған сәтте пойыздар іске қайтадан қосылатын болады. Әзірге 11 пойыз, бірақ бұл енді көп жүретін бағыттардың бірі. Өйткені Оңтүстік пен Батыс аймақтарды қосады Қазақстанның. Әзірге 11 пойыз, келесі күні жол ашылмаса тағы 10 пойыз сол бағыттан өтуі керек, олар да тоқтатылады.

Ә. Өмірзақ