$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордалық полицейлер кәсіби мерекеде балалар үйіне тарту-таралғылар апарды

AstanaTV
24.06.2019ж. 20:00
3122
Қызылордалық полицейлер кәсіби мерекеде балалар үйіне тарту-таралғылар апарды

Қызылордалық полицейлер кәсіби мерекеде балалар үйіне тарту-таралғыларын апарып, қамкөңіл бөбектерді қуантты. Кейін жастарға шеберлік сабағын ұйымдастырып, қалалық мәдениет және демалыс саябағында қалың көрерменге концерт қойып берді. Осы күні адал қызметі үшін 155 сақшының еңбегі еленді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ат салысқандарға медаль тапсырылып, үш қызметкерге жоғары әскери шен мерзімінен бұрын табысталды. 

Қылмысқа қарсы күрес қиындық пен түрлі қауіп-қатерге толы. Ал сақшыларға қойылар талап қашан да жоғары. Облыстың бас полицейі өңір сақшыларының осы талап үдесіне лайық екендігіне сенімді.

Арыстанғани ЗАППАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазақстан полициясының төл мерекесіне орай 155 біздің әріптестеріміз марапатталып отыр. Жоғары деңгейді қызметтерін атқарып отырған біздің әріптестер. Бір мысал ретінде айтып өтетін жайт, біздің жедел криминалистикалық басқармасының қызметкері оқиға орнында қосымша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатып, үлкен соммадағы қаражатты тауып, сол жәбірленушілерге апарып берді. Сол үшін біздің қызметкердің әке-шешесін шақырып, менің құзырыммен марапаттау хатын бердік.

Жұмысына шын берілген үздіктердің де еңбегі еленді. Олардың ішінде білікті маман, полиция майоры Арай Дүйсенаева да бар. Ол енді подполковник.

Арай ДҮЙСЕНАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Осы төл мерекемізде бүгінді таңда еңбегіміз бағаланып, подполковник шенің мерзімінен бұрын алып жатырмын. Бастапқы қызмет саласын Қызылорда облысы полиция басқармасының анықтау бөлімінде, одан кейін 2008 жылдан бастап департаменттің тергеу басқармасында тергеуші лауазым атқарып келемін.

Тәртіп сақшылары балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге сый-сияпат жасап, қамкөңіл балдырғандарды қуантты. Бесік-арба секілді қажетті бұйымдарды иеленіп, түрлі тәттілерге тойған жеткіншектер шат-шадыман. «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тұрғындары да ескерусіз қалмады. Ал полиция департаментін аралап, төбелері көкке жеткен жеткіншектер шеберлік сағатына қатысты.

Сәуір айында Президенттің қатысуымен біздің кенейтілген кенес алқасы өтті Нұр-Султан қаласында. Сол кезде біздің президентіміз бізге қойған талаптарының бірі-халыққа деген ашықтық. Қандай да болсын жайттар, дағдарыстар, жұмыстар жүргізіліп жатса да халықтан оны жасыратын түгі де жоқ, ашықтықпен, барлығын ақылға салып, дер кезінде ақпараттарды жеткізіп отыру керек.

Мереке күн қала тұрғындары қаланың орталық демалыс саябағында ерекше концертті тамашалады. Бұл ән кешіне танымал жұлдыздар емес, полицейлер ән шырқады.

Е. Карин

лық полицейлер кәсіби мерекеде балалар үйіне тарту-таралғыларын апарып, қамкөңіл бөбектерді қуантты. Кейін жастарға шеберлік сабағын ұйымдастырып, қалалық мәдениет және демалыс саябағында қалың көрерменге концерт қойып берді. Осы күні адал қызметі үшін 155 сақшының еңбегі еленді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ат салысқандарға медаль тапсырылып, үш қызметкерге жоғары әскери шен мерзімінен бұрын табысталды.