Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Эвакуацияланған халық 4 бағытқа жөнелтіліп жатыр

AstanaTV
24.06.2019ж. 23:00
3049
Эвакуацияланған халық 4 бағытқа жөнелтіліп жатыр

Арыс қаласынан эвакуацияланған халық төрт бағытқа жөнелтіліп жатыр. Сағат алты жарымға дейін 1 жарым мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Тұрғындар қазір Шымкент қаласы мен Арыстан 30 шақырым жердегі Мұнтайтас, Қабылсай, Шағыр ауылдарына жеткізілген. Шымкентте 15 пункт ашылып, 170 адам орналастырылыпты. Ал Мұнтайтас ауылына жіберілгендер 900-ден асады. Олардың саны сәт сайын өсіп жатыр. Босып кеткендер үйлеріне снаряд түсіп, өртеніп кеткенін айтты. 

Ержан ТҰРСЫНБЕКОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алғашқыда пожар деп ойладық. Үйге қарамай кетіп қалдық. Білмейміз. Жер үйде, үйдің жанындағы үй жарылды. Үйдің төбесінің жартысы түсіп қалған екінші атылған кезде. Сонымен қаштық бері қарай. Бұл бір емес. Осыдан 5-6 жыл бұрын түнде бір болған. Құртамыз деген құртқан жоқ әлі. Біздің военный часть мүлде қараусыз.

А. Бектас