$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

AstanaTV
25.06.2019ж. 20:00
5018
Тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

Арыстағы жарылыстан жарақат алған тағы бір адам қаза тапты. Ол - әскери маман. Ал бүгін денсаулық сақтау министрі 17 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында балалар да бар. Қазір тілшіміз Айзхада Төрекбекқызы студиямен тікелей байланыста. Айзада, науқастар туралы қандай ақпарат біле алдыңыз?

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Оксана..Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 89-ы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ауруаналарға жеткізілген. 18-і - бала, 13-і аяғы ауыр әйел. № 1 клиникалық аурухананың өзіне 74 науқас көмек сұрап жүгініпті. Басым бөлігіне алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Мұнда қазір екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның бірі кома жағдайында, жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Тағы бірі 57 жастағы әйел адам.  

Бекзат КЕРІМҚҰЛОВ, № 1 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕАНИМАТОЛОГ-АНЕСТЕЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ: 

Түскен кездегі диагнозы оң аяқ сан сүйегінің ашық жарақаты. Сан еттерінің жыртылуы мен түскен кездегі жағдайы ауыр, жарақат шокпен түскен. Жедел қабылдау бөлімшесінде жедел ота жасалып, ол кісі қазір жансақтау бөлімінде. Емін алып жатыр. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Тағы бір науқас өте көп қан жоғалқан. Оған екінші рет ота жасамақшы.  

Шәрбану ҚОЖЫҚОВА, ЗАРПДАП ШЕГУШІ:  

Үйде тұғынбыз бірден атылған кезде. Шығып қырда телевишка бар Арыста соған қарай жүгірдік. Сол кетіп бара жатқанда жолда осколка тиді ғой аяғыма. Тиген кезде аяғым бөлініп қалды. Сонымен зорға әйеуір скорый жоқ, басқа жоқ әкеліп Шымкентке әкелді ғой.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұған дейін облыстық ауруханада бір әскери маман ауыр жарақатпен түскен еді. Қазір ол есін жимаған. Дәрігерлердің айтуынша, Алматыдағы әскери госпитальдан мамандар арнайы келіпті. Дәрігерлер оның жағдайы нашар деп бағалап отыр. Дегенмен қолдан келгенше аман алып қалуға тырысып жатыр. Бұдан өзге ақпараттар жарияланбай отыр. Оксана....

- Айзада, ал Шымкентке көшірілген халықтың жағдайы қалай? 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ия, Арыстан бас сауғалап үдере көшкендердің біразы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қос жатақханасына орналастырылып жатыр.

Олардың дені көпбалалы отбасылар. Солардың қатарында Калдыгүл Әбдиеваның жанұясы да бар. Оларға бірден үш бөлме қажет болған. Бір үйдің он бес мүшесі де жатақханаға орналасты. 65 жастағы батыр ананың айтуынша кеше олар тамыр-танысты паналапты. Ал Арыстағы баспанасы жарамсыз күйген түскен деп отыр.  

Қалдыгүл ӘБДИЕВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Үйімнен хабар алғанымда қазіргі таңда Борықбаев № 5 тегі үйдің крышасы кетіп, есік-тесігі қирап қалған. «Түк жоқ мама» деген хабар есіттім. Маған зат керек емес, бала-шағам аман болса, басыма баспана берсін. Әйтеуір, далада қалмасам екен.

Меруерт КАБУЛОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Кеше қалай болса солай шығып кете салғанбыз үй киімімізбен. Бір балам жалаң аяқ, біреуінің бұтында ештеңе жоқ, біреуінің үстінде ештеңе жоқ. Бір қызым садикте, оны алдырттық. Ілінгені ілінген көлікпен кете бердік. Бадамның қырына келгенде бала-шағамды түгелдеп жинап алдым.

Университет ұжымы жатақханадағылардың керек-жарағын өздері түгендеп жатқандарын жеткізді. Ас-су, киім-кешек, тіпті гигиеналық заттар мен балалардың құрғақ сүтіне дейін алдыртып жатқандарын айтты.   

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Қол ұшын шымкенттік кәсіпкерлер де созып жатыр. Еріктілер мен атымтай жомарттар қарап қалып жатқан жоқ. Оксана?!

- Рахмет, Айзада. Студиямен байланыста болған Айзада Төрекбекқызы.