Негізгі / Жаңалықтар / Бүгін Алматы мен Павлодар облыстарынан Арысқа гуманитарлық көмек керуені аттанды

Бүгін Алматы мен Павлодар облыстарынан Арысқа гуманитарлық көмек керуені аттанды

Бүгін Алматы облысынан азық-түлік, киім-кешек және құрылыс материалдары тиелген он жүк көлігі Арысқа жолға шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай жергілікті әкімдік пен «Нұр Отан» партиясының филалдары бірігіп, зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын жариялаған болатын. Бір ғана Алматы облысында 23 көмек қабылдайтын орталық ашылған. Оған еріктілер ең қажетті заттардан бөлек, қаражат та тапсырып жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер мен партия мүшелері бір күндік жалақыларын аударған. Партияның облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев 60 миллион теңге қаржы жиналғанын айтты. Сондай-ақ, облыстағы сауықтыру лагерлері Арыс қаласынан 150 баланы он күндік демалысқа қабылдауға дайын көрінеді.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Осыдан 10 жыл бұрын Алматы облысындағы Қызылағаш оқиғасына барша қазақ қолынан келгенше көмектесті. Сондықтан Арыс тұрғындарына да барынша жәрдемдесетін боламыз.

Ал Павлодар облысы 91 тонна жүк жіберді. Барлығы 6 КамАЗ жүк жиналыпты. Оған ең қажетті деген тұрмыстық заттар мен азық-түлік тиелген. Павлодардан шыққан гумаритарлық көмек Шымкент қаласына дейін 2 күн жол жүреді. Сапар алыс болғандықтан, партия мүшелері де еріп шыққан. 

Бауыржан БЕКМҰРЗАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Арыс бір біргеміз!" акциясына Павлодар облысының көптеген халқы ел болашағына дегендей бәрі ат салысты. 91 тоннадай жүк жиналған болатын. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек және де тұрмысқа қажетті заттарды алып бара жатырмыз.

Ө. Қуанар