Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда стандартқа сай емес ойын алаңынан 4 бала зардап шеккен

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
2852
Алматыда стандартқа сай емес ойын алаңынан 4 бала зардап шеккен

Алматыдағы шағын аудан тұрғындары тұрғын үйлердегі ойын алаңдарының сапасына шағымданды. Айтуларынша әткеншектер өте биік орнатылған. Ал кейбір сырғанақтар жерге қазықпен қағылмаған көрінеді. 1 ай ішінде 4 бала зардап шеккен. Оның біреуінің қолы сынып, аурухана төсегіне танылыпты. Тілші тарқатады.

«Жас Қанат» шағын ауданының тұрғыны Гүлдана Бүркітбаева екі жасар қызын бір ауық үйдің үйдің ауласына шығарады. Бірақ ойын алаңына жіберуге қорқады. Қызы осыдан бірер апта бұрын ауладағы әткеншектен құлап, ауруханаға түскен.  

Гүлдана БҮРКІТБАЕВА, «ЖАС-ҚАНАТ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Менің қызым құлады качелядан, құлап 8 маусым күні, басында мән берген жоқпын, беті деген ісіп, сырылып кетті. Кейін 1 сағаттан кейін скорая шақырдық. Бізді балалар аурухансына алып кетті.

Тұрғындар бұл бірінші жағдай емес деп отыр. Осымен 4-ші бала әткеншектен құлаған көрінеді. Жақында біреуінің білегі сыныпты.   

Салтанат ТӨЛЕУҚЫЗЫ, «ЖАС-ҚАНАТ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бір бала қазір больницада жатыр. Әткеншекке отырған кезде, тепе-теңдігін ұстай алмай құлады. Үлкен жарақат алды. Одан бөлек, қолы сынды бір баланың. Не ешқандай жұмсақ асфальт жоқ, не әткеншектер фиксировать етілмеген әлі де, шынжырлар оларды көтермейді.

Ардақ ШЫНТЕМІРОВА, «ЖАС-ҚАНАТ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Әткеншектер мүлдем бүлдіршіндердің бойына сай жасалмаған. Барлығы тым биік. Әрі жер асфальт. Құлап қалса бала бірден ауыр жарақат алады. Тек ойын алаңы емес, жалпы осы маңда ешқандай қауіпсіз шаралары жасалмаған.

Ал қалалық әкімдік өкілдері ойын алаңдарындағы әткеншектерге қатысты шағымдар бұған дейін де түскенін айтады. Олар алаңқайды жаңарту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр деді.   

Олжас ТӘЖІБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Аумақтағы ойын алаңы, негізінде уақытша орнатылған болатын. Тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғанша балаларға әткеншек пен сырғанақтар уақытша қойыла тұрған. Әрине, әткеншектер кішкентайлар үшін ұзындығы 80 см аспауы керек еді. Ескілері өкінішке орай ұзындығынан 90 см асады. Осы жылдың тамыз айына дейін ойын алаңын толығымен жаңартамыз.

Жауаптылар алаңқайдағы жұмыстар жаздың аяғына дейін толықтай аяқталады деп уәде етті. Бұл насандағы индрақұрылымды дамытуға қала қазынасынан миллиард теңгеден артық қаражат бөлініпті.   

Ә. Лесбек