Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жағдайы төмен азаматтардың несиесін жабуға 105 млрд теңге бөлінеді

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
4157
Жағдайы төмен азаматтардың несиесін жабуға 105 млрд теңге бөлінеді

Жағдайы төмен азаматтардың несиесін жабуға 105 млрд теңге бөлінеді. Оның 88 миллиарды бюджеттен, қалғаны Проблемалық кредиттер қорынан облигациялар сатылымы арқылы алынбақ. Осылайша Үкімет 500-мыңға жуық азаматтың банктегі негізгі қарыздарын, үстемақыларын өтеп береді. Сол кезде жартысының несиесі жабылып, қалғанының борышы азаяды. Бұдан бөлек банктер кепілсіз несиесі бар 5 млн қазақстандықтың өсімақысын кешіреді. Бірреттік науқан туралы Абай Сейфулла айтады.  

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:

Елімізде алдын ала есеп бойынша түрлі санаттағы 443 мың адамның несиесі төленеді. 300 мың теңге қолға берілмейді. Тек Үкімет банктерге тікелей аударады. Премьер-министр орынбасары Гүлшара Әбліқалықова "азаматтардың банкке барып сандалуының қажеті жоқ" деді.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол қолға берілетін ақша емес қой. Мысалы, бөлінетін трансфеттер екінші деңгейлі банктерге аударылады. Ол кредитін жабады. 300 мың. Барудың қажеті жоқ. Кейін түсіндірме жұмысын жүргізу керек, мұндай бола бермеу керек. Масылдыққа алып келмей ма деп отырсыз, ғой, ондай элемент болуы мүмкін.

Мемлекет көмегін алу үшін несие көлемі 3 млн теңгеден аспауы керек. Азамат кредитті ақшалай алса да, тұрмыстық техника рәсімдесе де айырмашылық жоқ. Бастысы бекітілген категорияға сай болу. Ол - көпбалалы отбасылар, мүгедек бала асырап отырғандар, асыраушысынан айырылғандар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар және жетімдер.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол қандай мәселеге кредит алғаны, қандай жағдайға жұмсалғаны ол терең зерттелмейді. Өйткені бұл аз қамтылған, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар.

Мемлекет бір рет қана осындай көмек көрсетеді. Мұнан кейін 300 мың теңгеге дейін жәрдем алғандарға қайта несие рәсімдеу қиынға соғады. Себебі олар қарызын өтеуге қауқары жетпейтіндер санатына автоматты түрде енеді. Шамамен, несиесі милиион теңгеден аспайтын 250 мың адамның қарызы, үстемақысымен қоса толық жабылмақ. Ал қалғандарына 300 мың теңге БОРЫШТЫҚ салмақты жеңілдету үшін беріледі.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Көнкөріс деңгейден табысы төмен болса оған несие берілмеу керек. Ол қайтарылмайтын несие. Сондықтан не үшін адамды сондай жағдайға итереміз біз. Берілмеу керек.

Бұдан бөлек кепілсіз несиесі бар 5 миллионға жуық қазақстандықтың өсімақылары мен айыппұлдары кешіріледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес оны екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар қысқартуы тиіс. Ескеретіні - несие 1 шілдеге дейін алынса, ал қарыз 90 күннен артық өтелмесе ғана жеңілдік жасалады.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

5 млн жалпы халық бар тұтыну кредиті бар. Соларға айыппұлдары өтелетін болады. - Барлық азаматтарға жаңағы санатқа кірмесе де? - Иә, иә.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:

Алдағы аптада Қаржы министрі Парламентке барып, бюджет мәселесін реттемек. Ал есептеу жұмыстары екі айдан кейін толық аяқталады. Тек одан кейін ғана қарыздар төленеді.