Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

ТШО Үшінші буын зауыт алаңындағы жұмыстар штаттық режимде жалғасатын болады

AstanaTV
01.07.2019ж. 20:00
2473
ТШО Үшінші буын зауыт алаңындағы жұмыстар штаттық режимде жалғасатын болады

Теңізшевройлдың Үшінші буын зауыт алаңындағы жұмыстар көп ұзамай штаттық режимде жалғасатын болады. Энергетика министрлігі уақытша тоқтатылған зауыт құрылысын жандандыруға мүдделі. Сондықтан министрлік, әкімдік және Теңізшевройл мамандары үш жақтап жұмысшылар жағдайын қарайтын болады. Энергетика министрлігінің ресми өкілі осылай деп хабарлады. Ведомство мәліметінше, теңіз жобасында 40 мыңға жуық қазақстандық пен 2 мыңға жуық шетелдік қызметкер жұмыс істейді. 

Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕК, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының және ТШО басшылығымен бірге еңбек жағдайлары, жобадағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және үшінші буын зауытының құрылыс алаңындағы кестесіне бірқатар өзгеріс енгізу мәселесін талқылады.

Еске салайық, 1993 жылдан бері жұмыс істейтін "Теңізшевройл" ЖШС-нің 50 пайыз акциясы Chevron-ға тиесілі. ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc 25, ал "Қазмұнайгаз" 20 пайызына ие. Ресей-Америка бірлескен компаниясының еншісінде акцияның 5 пайызы.

Г. Меңдеева