Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Халықаралық кинофестивальде «Олма Джон» фильмі көрсетілді

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
1896
Халықаралық кинофестивальде «Олма Джон» фильмі көрсетілді

Кейіпкердің болмысын түйсігіңмен түсініп болмайсың. «Олма Джон» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Азиз Бейшеналиев осылай дейді. Туынды XV халықаралық «Евразия» кинофестивалі аясында қалың көрерменге жол тартты. Қазақ-француз фильмінің режиссері Виктория Якубова. Оның Азиз Бейшеналиев ұлтаралық киноның бас кейіпкері ретінде таңдауы кездейсоқ емес. Картинадағы оқиға актердің тағдырымен де сабақтасқан. Ол қарапайым ақиқатты түйсіну үшін таным-түсінігінен адасады. Төзім мен шыдамның шегі кейіпкерді тура жолға жетелейді. 

Азиз БЕЙШЕНАЛИЕВ, «ОЛМА ДЖОН» ФИЛЬМІНІҢ АКТЕРІ:

Басты кейіпкердің болмысын түсіну қиын. Сондықтан оны сезіну керек. Фильмде де солай жасадым, кейіпкерді сезіндім. Режиссер туынды үшін жасаған әрекетімді әлі күнге дейін айтады. Мен түйсігіммен емес, одан да терең тұңғиыққа батып, жан дүниеммен жұмыс істедім. Өзімді еркін сезіндім.

А. Бектас