Шымкентте қыздарды алып қашпайды. Кейде қыздардың өзі алып қашуды қалап тұрады. Қаланың әкімі Ғабидолла Абдрахымов осылай деді. Ол Үкіметке мегаполистің 2023 жылға дейінгі даму жоспары туралы есеп беруге келген. «Алып қашу» дәстүрі туристерге қорқыныш тудырмай ма?» деген журналистер сұрағына "Ол Оңтүстік туралы әзіл әңгіме ғана" деп жауап берді.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ :
В Шымкенте девушек не воруют. Сейчас, когда смотришь на все то, что происходит вокруг этой темы, я считаю, что это байки про Шымкент. Но мне иногда кажется, что девушки сами хотят, чтобы их своровали.
Шымкенттің туристер үшін де, тұрғындар үшін де тартымды болуы үшін "Диснейленд" үлгісіндегі аттракциондар паркі пен аквапарк салынбақ. Инвесторлар - непалдық миллиардер. Аквапарк үшін Шымкенттің Ташкентке шыға берісінен 100 гектар жер бөлінеді. Жоба құны - шамамен 100 млн доллар.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазір сол кісінің компаниясы Дубайда сондағы аквапарк соққан компаниялармен жобалау бойынша жұмыс істеп жатыр. Олар 13 шілде күні топ болып Шымкентке келеді. Үш күн біздің қаламызда жұмыстарды жүргізеді.
А. Сейфулла