Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды қаласындағы қауіпті бұлақты ғалымдар зерттейтін болды

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2403
Қарағанды қаласындағы қауіпті бұлақты ғалымдар зерттейтін болды

Қарағанды қаласындағы қауіпті бұлақты мамандар зерттейтін болды. Олар судағы зиянды заттардың неліктен көбейіп кеткенін және табиғи су көзін жабуға бола ма, жоқ па дегенді анықтайды. «Қарағанды су» серіктестігі ұңғыманы тексерту үшін зерттеу институттарының көмегіне жүгінген. Бұл туралы «Астана» телеарнасына компания өкілдері мәлімдеді. 

Марина БОГДАН, «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ :

«Қарағанды су» бұлаққа қатысты қандай бір шешімге келу үшін геологиялық - барлау жұмыстарын жүргізетін арнайы зерттеу институттарына сауал жолдады. Мамандар ұңғыманы тексереді. Яғни, суды ары қарай пайдалануға бола ма, әлде жабу керек пе, сол кезде анықталады.

Компания ең алдымен бұлақтың жер астындағы жолы мен су қабаттарын анықтауды сұрап отыр. Бұл көрсеткіштер судың не себепті ластанып жатқанын білуге септігін тигізбек. Сонымен бірге, бұлақты қалай тазартуға, болмаса жабуға болады деген сұрақтарға да жауап күтеді. Еске салсақ, санитарлық дәрігерлер жарты жыл бұрын қала ортасындағы Бабушкин көшесіндегі ұңғыманың суынан нитраттардың шамадан көп екенін анықтаған. Ақ халаттылардың айтуынша, нитраттар жүрек, жүйке жүйесі мен асқазан ауруларына, аллергияға душар етеді. Сондықтан «Қарағанды судан» аталған бұлақты жабуды, болмаса сүзгіш орнатуды талап еткен. Ал, жергілікті тұрғындар жағдайды біле тұра әлі күнге дейін денсаулыққа зиянды суды тасып ішіп отыр. 

А. Қуаш