Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыда Башқұртстанның халық ақыны, жазушы Мұстай Кәрімнің құрметіне көше атауы берілді

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2104
Алматыда Башқұртстанның халық ақыны, жазушы Мұстай Кәрімнің құрметіне көше атауы берілді

Алматыда Башқұртстанның халық ақыны Мұстай Кәрімнің құрметіне көше берілді. Салтанатты рәсімге Башқұрт елінен ақынның немересі мен арнайы делегация келген. Олардың арасында белгілі ғалымдар мен жазушының жақындары да бар. Қала басшысы жазушы шығармаларының бүкіл түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтті. 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Төрткіл дүниеге есімі кеңінен танымал Мұстай Кәрімді біздің қазақ оқырманы өз ақыным, төл перзентім деп біледі. Ақынның «Үш таған», «Тал түс» атты кітаптары қазақ тіліне аударылған. Алматыдағы кітапханаларда қазақ және орыс тілдерінде әр жылдары жарық көрген 100-ден аса жинақтары сақталған.

Көше атауы оның 100 жылдығына орай беріліп отыр. Ол әйгілі ақын, жазушы, драматург қана емес, Ұлы отан соғысына қатысып, екінші дәрежелі орден иемденген. 

Темірболат КӘРІМОВ, МҰСТАЙ КӘРІМНІҢ НЕМЕРЕСІ: 

Бүгінгі күн барлық Башқұрт халқы мен қазақстандықтар үшін мерейлі деп ойлаймын. Алматы қаласы атамның ең сүйікті қалаларының бірі еді. Мегаполисте оның жақын достары көп болатын. Ақынның есімімен Мәскеу, Уфа және Алматы қалаларында көше атауы берілді. Біз өте қуаныштымыз.

Ә. Лесбек