Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қанат Ислам 14 секундта жеңіске жетті

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2682
Қанат Ислам 14 секундта жеңіске жетті

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қарсыласын 10-шы секундта нокаутқа жіберді. Жекпе-жек кәсіби бокс кеші аясында Алматыда өткен еді. Қанаттың қарсыласы доминикалық боксшы Хулио де Хесус. Бірақ көрермендер көптен күткен жекпе-жекті тамашалап үлгермеді. Қанаттың алғашқы соққысы боксшыны есінен тандырды. Рефери дереу жекпе-жек аяқталғанын хабарлап, техникалық нокаутпен қазақстандықтың жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Бұл жеңіс, Қанаттың ұзақ үзілістен кейінгі 26-ыншы сәтті жекпе-жегі ретінде тарихқа енді. Ол қызыл алаңға соңғы рет 2017 жылы шықты. Ол кезде қарсыласы канадалық Брэндона Кука болған. 

Ә. Лесбек