Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары не үшін айыпталып отырғаны белгілі болды

AstanaTV
09.07.2019ж. 20:00
2420
Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары не үшін айыпталып отырғаны белгілі болды

Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары сот алдында жауап бере бастады. Бүгін прокурор кәсін мойындаған шенеунікке 6 жарым миллион теңгедей айыппұл салуды сұрады. Вице-министр не үшін айыпталып отыр? Пара алу дерегі расталды ма? Нұрсұлтан Біләлдің материалы. 

- Сторона ходатайствует об ограничений видео-кино съемки и мы должны удовлетворить это ходатайство.

Осылайша сот процесінде бейне жазба жүргізуге тыйым салынды. Экс-вице-министр Эльмира Суханбердиеваға қатысты қылмыстық іс Елорданың №2 аудандық сотында қаралды. Алғашқы тыңдауда прокурор Суханбердиева өз кінәсін толық мойындағанын және артық айғақтардың қажет еместігін мәлімдеді. Бұған дейін оған 3 бап бойынша айып тағылған еді. Бірақ сотта "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану", "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" баптары бойынша жауапқа тартылып отыр.  

Айгүл ӘМІРЕНОВА, Э.СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:       

Пара алу бабы бойынша айып тағылып отырған жоқ. Алғашқыда бұл бап Суханбердиеваның ісі бойынша қаралған еді. Дегенмен, әділдік орнап, жемқорлық фактісі анықталған жоқ.

Сот алдында жауап берушілер қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар. Ол бірнеше жыл Нұр-Сұлтандағы №3 мектептің директор қызметін атқарған. Екі құбыр бірігіп, мектеп қабырғансында экономикалыық білім беру орталығын ашқан көрінеді. Жылдық табыстары 150 млн теңгені құраған. Ал бизнесті директор мен вице-министр өздері басқарған.  

- Можно без комментариев, я не хочу отвечать на ваши вопросы.  

Ал тағы бір қылмыстық іс бизнесмендердің шағымымен қозғалған. Вице-министр тұрмысы төмен отбасындағы бүлдіршіндерге планшет пен телефон сыйлауды кәсіпкерлерге жүктеген көрінеді.   

Айгүл ӘМІРЕНОВА, Э.СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:       

Ол шын мәнінде де тұрмысы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балалар болатын. Вице-министр оларға фестиваль кезінде планшет сыйлаймын деп сөз берген. Дегенмен, бюджетте бұл шығын қарастырылмағандықтан ол бизнес өкілдеріне бұл заттарды сатып алуға ұсыныс жасаған. Менің ойымша бизнес керемет зардап шекті деп айта алмаймын. Бірақ, бұл әрекет заңға қайшы.

Прокурор осы іске қатысты Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева өз кінәсін толығымен мойындап, тергеумен процессуалды келісімге келгенін ескерген. Сондықтан экс-вице-министрге 6 жарым миллион теңгеге жуық, ал екінші айыпталушыға 500 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады.  

- Ертең 10:30-да мен сіздерге интервью беремін.  

Н. Біләл