$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Ақтөбеде көп қабатты үйдің тұрғындары ауладағы құрылысқа қарсы

AstanaTV
11.07.2019ж. 20:00
2481
Ақтөбеде көп қабатты үйдің тұрғындары ауладағы құрылысқа қарсы

Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары іргеден салынып жатқан құрылысқа қарсы. Олар жерге балалардың ойын алаңы не автотұрақ салынуы тиіс деп санайды. Алайда, құрылыс компаниясы мен әкімдік өкілдері де бәрі заңды деп отыр. Тараптарды Бақыт Рахметова тыңдады.

Бұл Батыс-2 ауданының тұрғындары. Халық жаңа пәтер алып қоныстой жасамай жатып, өз аулаларынан тағы бір көп қабатты үйдің салынатынын естіген. Олар іргетасы қаланып жатқан үйге үзілді-кесілді қарсы. 

Кәрім ҚАНАТҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына үй дұрыс салынып жатқан жоқ деп есептейміз. Себебі ар жағынан біздің терезеге дейін ең кеткенде 10 метр. Терезе бір-біріне қарама-қарсы тұрғандықтан ертең бір-бірімізді көріп отырамыз. Ол - ыңғайсыз. Дау шығарып отырмыз. Екіншіден, аула тарылып жатыр. Құрылыс жүріп жатыр. Ешқандай ереже сақталып жатырған жоқ. Қаншама бала жүгіріп жүр.

Мәдина ҚОНАҚБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әр үйде алты подъезден енді төрт жүздей пәтер болатын шығар. Енді солардың балалары бізде жас отбасы көп. Жастар көп үй алып жатыр. Енді солардың балалары бар. Одан да басқа автотұрақ салсын, үлкендеу қылып балалар ойнайтын алаң салса деп ойлаймын.

Бұл үйдің құрылысын «Жилище ЖСК» компаниясы бастаған. Бұл ауладағы басқа үш үйде сол мекемеге тиесілі. Компания басшылығы халықтың талабы негізсіз деп отыр.  

Нұрлан ҚАУЫСОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Разрешение на строительство алынған бұл үйге проект барлығы қорғалған. Тексерсін. Арыз жазсын бәрі по СНИП бойынша каждый квартираға қанша положено парковка үшінші класс жилье ғой. Үшінші класс жилье үшін қанша парковка положено барлығын есептеп қойдық.

Әкімдіктегілерде тұрғындардың арыз-шағымы ескерілетіндігін айтып отыр. Бірақ құрылыстың заңға сәйкес екендігін айтып отыр.  

Оксана СОПРУН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерден біз алты метр қашықтықты көріп тұрмыз. Бұл өртсөндіру нормасына сәйкес келеді. Бүгінгі күні бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Барлық құжаттары тексерілді. Барлығы құрылыстың нормасы мен ережесіне сәйкес келеді.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Тұрғындар арнайы мамандардан екі көп қабатты үйдің арақашықтығы 20 метрден кем болмауы тиіс дегенді естіген. Сондықтан өз талаптарын айтып, облыс әкімі мен прокуратураға шағымданбақ.

Б. Рахметова