$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында «Аграрлық несие корпорация» қолдауымен отандық өнім экспорты арта бастады

AstanaTV
16.07.2019ж. 20:00
3914
Ақтөбе облысында «Аграрлық несие корпорация» қолдауымен отандық өнім экспорты арта бастады

«Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландырған Ақтөбедегі кәсіпорындардың экспорт көлемі артты. Былтыр облыста мемлекеттік бағдарламалармен 260 жобаға қолжетімді несие берілген. Ал биыл кәсіпкерлерге 8 миллардтан астам қаржы бөлінген. 

Ақтөбе облысында «Аграрлық несие корпорациясы» қолдауымен ондаған кәсіпорын өндірісін өркендетті. «ADM INVESTMENT» ЖШС 471 миллионнан астам несиеге құс фабрикасының жабдығын сатып алып, жеті бірдей өндірістік цехтің жұмысын жаңғыртқан. Тіпті өз құрама жем цехын ашқан. Онда сағатына он тонна құс азығы дайындалады. Бүгінде кәсіпорынның қуаттылығы екі есеге артқан. 

Нұрлан МУСИН, «AQTOBE - QUS» ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жұмыртқаны Ресей мен Ауғанстанға экспортқа шығарамыз. Орал, Ақтау, Атырау қалаларынан да сұранысы артып келеді. Болашақта «Аграрлық несие корпорациясы» көмегімен өңдірісті тағы да кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 

Аграрлық несие корпорациясының демеуімен зәйтүн дақылдарын өңдеу және тазартылған май мен мол калориялы күнжара өндірісі бойынша зауыт іске қосылды. Зауыт күніне 150 тонна күнбағыс дәнін өңдеп, он жеті тоннадан астам өсімдік майын шығарады. Бүгінгі күні зауыт өнімін Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға экспорттайды.  

Хайдар ХАЙДАРОВ, «АКМЭЗ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:  

Май зауытының бірінші кезеңі толықтай іске қосылды. Екінші кезеңі бізде тазартылған өсімдік майын шығару өндірісі ол жаңа маусымда іске қосылатын болады. Зауытқа өз үлесіміз тек отыз пайыз, қалған қажетті жетпіс пайыз қаражатты Аграрлық несие корпорациясы қаржыландарды. Болашақта корпорацияның қолдауымен жаңа өңдірісті іске қоспақпыз.

Корпорация қаражаты есебінен өткен жылы облыста 18 миллиард теңгеге 260 ауыл шаруашылығы жобасы қаржыландырылған. Биылғы жылы шаруалараға «Сыбаға», «Ырыс», «Кең дала»,«Агроэкспорт» бағдарламасымен жеті миллиард теңгеге несие берілген.  

Динара АБАЕВА, АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күні бізде өте тиімді несие ұсыныстары бар. Несие ұзақ мерзімге беріледі және екінші деңгейлі банктерден ерекшелігі - қарызды қайтарудың әр кәсіпкерге икемделген кестесі жасалады. Мысалы, банкте ай сайын, тоқсан сайын төлем болса, бізде ірі қара мал өсіруге несие алғандар тек жылына бір рет күзде төлем жасайды».

«Аграрлық несие корпорациясында» жеті түрлі несиелеу бағдарламасы бар. Олар мал өсіруде, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру мен өңдеуді, отандық өнімнің эскпорт көлемін арттыруға және тағы басқа да қаржыландыруды қамтиды. Ең басты мақсат - агрокәсіптік кешенді дамыту үшін шаруаларға қолжетімді несие алуға жәрдемдесу.  

Б. Рахметова