Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда апелляциялық сот ірі көлемде алаяқтық әрекеті үшін сотталған Ерболат Қожановқа қатысты үкімді өзгертті

AstanaTV
17.07.2019ж. 20:00
2827
Алматыда апелляциялық сот ірі көлемде алаяқтық әрекеті үшін сотталған Ерболат Қожановқа қатысты үкімді өзгертті

Алматыда апелляциялық сот ірі көлемде алаяқтық әрекеті үшін сотталған Ерболат Қожановқа қатысты үкімді өзгертті. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы 4 жыл бұрын Шымкент базарының 4 қызметкерінен 420 мың доллар ақша алған. Бұл қаржыға Қожанов- Алматыдан ірі көлемде шұлық әкеп беремін деп уәде еткен. Саудагерлер- тауар бағасының екі есе арзан болғаны қызықтырды, дейді. Дегенмен жоспар жүзеге аспады. Сөйтіп, Ерболат Қожанов шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылған. Сот шешімімен келіспеген зардап шегушілер қайта шағымданды. Енді бүгін қалалық сот шешімін өзгертіп, Ерболат Қожановты 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болады. 

- 63-баптың негізінде Қожановқа тағайындалған шартты соттау шешімі жойылады. Ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы абақтыға қамауға өзгертіледі.  

Сонымен қатар, Ерболат Қожанов зардап шеккендерге шығын сомасын қайтаруы тиіс. Айта кету керек, сотталушы сот процесі кезінде камераға түсініктеме беруден бас тартты. 

Әмірхан ШҮМЕНОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бізден Алматы қаласында 500 мың доллардың қытайдың нәскиі тұр деді, «Лимакс» деген. Оның өз бағасы 120 тг, мен сіздерге 60 тг әкеп беремін. Соны базарға жарнамалап, халыққа сатамыз деді. Біз оған сеніп, қасымда 8 жігіт бар, барлығымыз жиналып 420 мың АҚШ долларын жинап бердік. 

Ә. Өмірзақ