Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік пен тауар бағасының өсуі бойынша көш бастап тұр

AstanaTV
18.07.2019ж. 20:00
4437
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік пен тауар бағасының өсуі бойынша көш бастап тұр

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында азық-түлік бағасының өсуі бойынша көш бастап тұр. Ал ақшаның құнсыздануы да қарқынды. Инфляция өткен айда ғана 5,4 пайызды құраған. Енді азық-түлік бағасының өсуіне нақтырақ тоқталар болсақ. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Статистика департаментінің деректері бойынша, бір жыл көлемінде ғана Қазақстанда тұтыну тауарларының құны 8,2 пайызға өскен. Белоруссияда бұл көрсеткіш 6,1 пайыз, Ресейде 5,5, Арменияда 4,6 пайыз, Көрші Қырғызстанда 1,7 пайызға өскен. Сондай-ақ елімізде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасында да өсім бар. Бұл ретте де Қазақстан бірінші орында, 6,1 пайызға қымбаттаған. Белорусьте бұл көрсеткіш 4,2 пайызға, Ресейде 3,5 процентке, ал Арменияда аталған тауар түрлері 1,9 пайызға қымбаттаған. Қырғызстанда керсінше, азық-түлік емес тауарлар құны 0,1 пайызға арзандаған. Осылайша ішкі нарықтағы азық пен тауардың қымбаттауынан Қазақстан ешбір елге дес бермей отыр. 

Н. Біләл