Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мұнай-газ өндірісінде машина жасау саласы ақсап тұр

AstanaTV
18.07.2019ж. 20:00
2214
Мұнай-газ өндірісінде машина жасау саласы ақсап тұр

Елде мұнай-газ өндірісінде машина жасау саласы ақсап тұр. Отандық ірі мұнай жобаларында оның көлемі 5 пайыздан аспайды. Премьер-министрі Асқар Мамин Атырауға сапарында осы істі жолға қоя алмай отырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жұмысын сынға алды.

Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:  

Отандық машина жасау өндірісінің көлемі бар болғаны 3 миллиард 100 миллион АҚШ долларын құрады. Соның ішінде мұнай-газ саласындағы көлемі соның 5 пайызы ғана, яғни 53 миллиард теңге. Біз көмірсутек шикізатын пайдаланушылар саласындағы сатып алуды сараптаған едік. Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылардың машина жасау тауарларының 88 пайызы импорттың үлесінде. Немесе 2 млрд ақш долларын құрайды.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Сатып алудың үлесін арттыру керек. Мүмкіндік бар. Еңбек нарығы бар. Енді соған сай болу керек. Егер бәсекеге қабілетті болғыларыңыз келсе, халықаралық тендерлерге қатысатын сертификаттан өтіңіздер. Айта берсек, проблема таусылмайды. Менің ойымша, министрлік лайықты жұмыс істей алмай отыр.

Премьер-министр қатысқан жиында аймақтағы ірі компания басшылары баяндама жасады. Бұдан соң Үкімет басшысы жиынды әрі қарай журналистерсіз, жабық жағдайда жалғастырды. 

Б. Нәдірқызы