Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ауыр дертке шалдыққандарды шетелде емдету үшін биылғы бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген

AstanaTV
18.07.2019ж. 20:00
2977
Ауыр дертке шалдыққандарды шетелде емдету үшін биылғы бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген

Ауыр дертке шалдыққандарды шетелде емдетуге биылғы бюджеттен 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Мұны біздің телеарна тілшілеріне Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының өкілі айтты. {КСМ} Ал отандық клиникаларда медициналық көмек көрсету үшін сырттан білікті мамандарды шақыруға 220 млн теңге қарастырылған. Қазір Қорға шетелде емделуді қажет ететін 121 науқастың құжаты қабылданған. Бірақ оның 30-ына Қазақстанда ота жасалатын болды. Ол үшін керісінше, дәрігерлер басқа жақтан шақыртылмақ. 

Майра БЕЙСЕН, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ШЕТЕЛДЕ ЕМДЕЛУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ :

18 жасқа дейінгі балалар арасында елімізде емделген бірақ оң нәтижесін көрсетпеген жағдайда, біздің білікті, бейінді республикалық клиникалар деңгейіндегі мамандар бірлесе отырып, «осы науқас шет елде емделуді қажет етеді, біз өзіміздің елімізде тиісті көмекті көрсете алмаймыз» деген тұжырымға келген жағдайда осы мәселені қарастырамыз. Ал ересектер үшін арнайы бекітілген аурудың тізбесі бар.

Бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында Израильден шақыртылған дәрігер жүрек патологиясы бар балаларға ота жасауға кірісті. Джордж Френкель бір аптаның ішінде 10 шақты операция жасайды. Отандық дәрігерлер тәжірибе жинап жатыр. Қазақстанға сегізінші жыл шақыртумен келген маман Қазақстанда ауыр операция жасауға барлық жағдай жасалған деп отыр. 

Джордж ФРЕНКЕЛЬ, «ШНАЙДЕР» БАЛАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ /ИЗРАИЛЬ/ :

Осы жолы біз өкпе артериясы қолқа тамырынан шыққан балаға операция жасаймыз. Ауру - Тетрада Фалло деп аталады. Операция барлық жерде сирек жасалады. Мұндай науқастарға медициналық көмек көрсетілмесе, олар шетінеп кетеді.

Д. Қайыртай