Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда Денис Тен өлімінен кейін көлік бөлшектерінің ұрлығы 13,5 пайызға азайған

AstanaTV
19.07.2019ж. 20:00
2334
Алматыда Денис Тен өлімінен кейін көлік бөлшектерінің ұрлығы 13,5 пайызға азайған

Алматылықтар осыдан тура бір жыл бұрын қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алып жатыр. Халық ол жан тапсырған жерге орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Спортшы өлімінен кейін мегаполистегі қылмыс азайды ма? Қосалқы бөлшектер базары қалай жұмыс істеп жатыр? Тілші тарқатады.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 1 жыл бұрын Құрманғазы және Байсейтітов көшелерінің қиылысында ұрылар қолынан қаза тапқан еді. Оны әсересе алматылықтар әлі ұмыта қойған жоқ. Бүгін олар жерлестерінің мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойып, еске алды. 

Ислам БАЙРАМУКОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Аз құмыр кешсе де үлкен іс атқарды бұл дүниеде. Қазір енді ескерткіш қойып жатыр, Денис Теннің атынан бірталай іс-шаралар орындалады деп ойлаймын. Бірақ өз атын алтын әріппен жазып кетті.

Жиналған қалың адамның ішінде әріптестері ғана емес, достары да бар. Тіпті Ресей, Жапноия, Қытайдағы жанкүйлерлері де келген.  

Рахман АЛШАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір авторыноктерде осы ұрланған заттармен сауданы төмендеттік. Енді ашық сауда жоқ деп отыр. Барлығын тексереміз, келген заттардың барлығына квитанция жазып береді. Осында келді деп сосын нөмірін жазып береді. Ол болмаса ертеңгі күні айыпұл беріледі. Әйтпесе жұмысы олардың жабылады деп. Сондай шешімдер айтылып жатыр. 

Спортсмен өлімінен соң сақшылар қылмысты төмендетуге шындап кірісті. Қазірдің өзінде нәтиже бар көрінеді. Жарты жылда көлік заттарын ұрлау 13 жарым пайызға төмендеген.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі біздің қолға алып жатқан әрекетіміз сатып алушылар мен осы автобөлшекті алып келетін, өткізетін адамдардың арасындағы іс-әрекеттерді заңдастыру. Яғни бұл бөлшекті алып келген азаматтың міндетті түрде аты-жөні белгілі болуы керек, осы автобөлшекке иелігін дәлдедуі керек. Содан соң ғана сатып алушы одан сатып алып, тағы да саудаға сала алады.

Біз автобөлшектердің нарықтағы сатылымын анықтап көрдік. Сатушылардың айтуынша, базардан автобөлшектерді заңсыз сату сап тыйылған. Өткен жылдың шілдесінен бері олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, саудасын заңдастырыпты. Сондықтан апта сайын базарға арнайы органдар тексеру жүргізіп тұрады екен.  

Мейрамбек ТАСБОЛАТОВ, КӘСІПКЕР: 

Машина ұрланады, каждый запчастар ұрланады. Біреудің дискісі ұрланады, біреудің боковой терезесі ұрланады. Каждый мелочь ұрланған сайын тексеру болады, рейд жүреді. Олар да келеді. Енді нақты айта алмаймын челомен деп. Бірақ айына жоқ дегенде 2 рет келеді. Өйткені, Әуезовский РОВД-да қалай ұрлық болады, солай олар келіп тексереді осы жақта. 

Қала сақшылары қылмысты азайту жұмысы жалғастырғалы отыр. Ол үшін 2021 жылға дейін адам қарасы көп болатын жерлерге мың бейнекамера мен 700 сергек бекеті орнатылмақ.

Н. Біләл