$498.34 €519.72 ₽4.85
×

М.Жәкішев түрмеде қалды

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
3176
М.Жәкішев түрмеде қалды

Мұхтар Жәкішев түрмеде қалды. Семей соты 10 жылдан бері қамауда отырған Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Себебі, сотталушы мемлекетке келтірілген шығынның бір тиынын да қайтарған жоқ дейді. "Интерфакс" агенттігі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының экс-президенті әлі күнге дейін тағылған айыптармен келіспейтінін жазды. Адвокат бүгін сотта Жәкішевтің денсаулығы сыр бергенін алға тартып, 3-ші топтағы мүгедек екенін растайтын анықтама барын жеткізді. Ол күніне 47 түрлі дәрі ішеді екен. Түрме өкілдері оны мерзімінен бұрын босатуға болатынын мәлімдеді. Еске салсақ, ұлттық компанияның экс-президенті 2009 жылы жемқорлыққа барды деп айыпталып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осымен сот- оның өтінішін екінші рет қанағаттандырмай тастады. 

Н. Біләл