Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қытай Қазақстанға 2005 жылдан бері 35 млрд доллар инвестиция салған

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
3126
Қытай Қазақстанға 2005 жылдан бері 35 млрд доллар инвестиция салған

2005 жылдан бері Қытай- Қазақстанның мұнай саласына 15 млрд доллар қаржы құйған. Ең үлкен келісім шарт 2013 жылы жасалды. Ол кезде СиЭнПиСи "ҚазМұнайгаз"-дан Қашағанның 8 пайыз үлесін сатып алған. Жалпы осы уақыт аралығында барлық салада инвестиция көлемі 35 млрд-ты құрады. Бұл туралы LS бизнес порталы жазады. Қытайға энергетика қызық. 15 жыл ішінде мұнай газ саласында 24,28 млрд долларға Қазақстан үлесін сатып алған. Химия өндірісі мен көлік саласына 3,7 млрд, метал өндірісі, өңдеу мен байытуға 2,3 млрд доллар қаражат салған. Ал құрылыстағы үлесі - 350 млн доллар. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығына көршімізден 240 млн, қаржы секторына - 110 млн, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 100 млн доллар құйған. Былтыр China Energy Engeneering компаниясы қазақстанның жасыл энергетика жобасына 1,5 млрд доллар берген. Биыл Sinomach ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 240 млн доллар, Genertec компаниясы автокөлік өндірісіне 560 млн доллар салды. 

А. Сефулла