Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасындағы еңбек теңсіздігі заңмен жойылуы мүмкін

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
3805
Шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасындағы еңбек теңсіздігі заңмен жойылуы мүмкін

Шетелдік және қазақстандық жұмысшыларға теңдей еңбек жағдайын жасау талабы Еңбек кодексіне енгізілуі мүмкін. Бүгін «Астана» арнасының сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі осылай деп мәлімдеді. Ведомство Теңіз бен Абу даби Плазадағы жұмысшылар наразылығы қайталанбас үшін арнайы жоспар құрған. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, 50-ден астам шетелдік жұмысышысы бар 63 кәсіпорынды тексеруді бастап кеткен. 9-шы тамызға дейін олардың еңбек замнамасына сай жұмыс істеп жатқаны тексерілмек. 

Ерлан РАЙҒАНИЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Шетелдік жұмыс күшін тартып отырған кәсіпорындар тексеріледі. Одан басқа арнайы меморандумға қол қоямыз деп отырмыз. Онда шетелдік және қазақстандық жұмысшыларға теңдей еңбек жағдайы жасалуы талап етіледі. Сонымен қатар Еңбек кодексіне жергілікті және шетелдік жұмысшыларға жұмыс беруде кемсітушілікке жол бермейтін норма енгізілуі мүмкін.

Айта кетейік, Атырау облысында қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылар арасында дау туып, жаппай төбелес болған еді. Теңіз жобасына қатысушы ССNP компаниясында жұмыс істейтін кейбір шетелдік азаматтар осы қырғыннан кейін елдеріне қайтып кеткен. Министрлік өкілі олардың санын дөп басы айта алмады. Бірақ бүгінде компанияда жұмыс істейтін 25 қазақстандықтың қызметі жоғарылайтыны белгілі болды. Аймақта дереу құрылған ведомствоаралық арнайы комиссия қорытындысы жақында жария болмақ. Ал елордадағы Ал Абу Даби Плаза кешені жұмысшыларының талабы түгелдей орындалған көрінеді. 

Г. Меңдеева