$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
7519
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін. Керекуде бас қосқан шетілдік ғалымдар осындай тұжырымға келді. Ертіс-Баян өңірінің киелі орындары мен тарихи жерлеріне сапар шеккен меймандар тұмса табиғатты көріп таң қалғандарын айтты. Әрі бұл көрікті жерлерді сақтау керектігін де тілге тиек етті. Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін етене зерттеп жүрген оларды қазақтың көшпенді мәдениеті қызықтырған. Жапониядан келген этнограф ғалым - Токо Фудзимото 20 жылға жуық уақыт қазақтың көшпенді салтын зерттеген. 2 жыл Баянауыл жерінде тұрып, қазақтың салт-дәстүрімен жіті танысыпты. Соның арқасында қазақ тілін де еркін меңгерген. Зерттеу жұмысы аясында Баянауылдағы қасиетті жерлерді аралап, қазақтарға тән күнделікті тұрмыстық бұйымдарды пайдаланған. Өзі астау мен ағаш тостағандарды Жапонияға ала кетіпті. 

Токо ФУДЗИМОТО, ЭТНОГРАФ, КИОТО УНИВЕРСИТЕТІНІҢ PHD ДОКТОРЫ / ЖАПОНИЯ:

Қазіргі қазақтар көбіне көшпенді өмірден отырықшы өмірге көшкен. Дегенмен, сол көшпенді өмір сүрген уақыттағы менталитет кішкене өзгерсе де күні бүгінге дейін сақталып келе жатыр деп ойлаймын. Мысалы, қыстақта ата-бабамыздың зират бар деп айтып, қыстаққа арнайы барып, құран оқиды аруақтарға. Өлі риза болмай тірі баямайды деп айтады. Сондай менталиетет сенім сақталып келе жатыр деп ойлаймын.

Ө. Қуанар