$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» партиясы жанынан «Заңгерлік кеңес беру орталығы» ашылды

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
2114
«Nur Otan» партиясы жанынан «Заңгерлік кеңес беру орталығы» ашылды

Адвокаттар мен медиаторлар, нотариустар мен прокуратура қызметкерлері Қостанай облысына қарасты Денисов ауданының тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетеді. «Халыққа көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалының қоғамдық қабылдауы жанынан «Заңгерлік кеңес беру орталығы» ашылды. Облыста тұңғыш рет ашылған орталықта азаматтар өздерін толғандырған заңгерлік, құқықтық мәселелер бойынша көмек алады. Ал шалғай ауылдардың тұрғындары скайп немесе бейнебайланыс арқылы құқық қорғау саласының мамандарына өз сауалдарын тікелей жолдай алады. Жоба жетекшілері орталық азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуде ыңғайлы әрі тиімді құрал болатынына сенімді.

Нұрбол МҰҚАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНИСОВ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Орталықтың мақсаты - жергілікті тұрғындарды заңдардағы енгізіліп жатқан өзгерістерден хабардар ету. Дауларды сотқа дейін шешу. Медиацияның артықшылықтарын түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ азаматтарға тегін құқытық көмек көрсету басты мақсат. 

М. Дюсекина