Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

#Birge #TazaQazaqstan: ЭКО-акция жалғасып жатыр

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
2984
#Birge #TazaQazaqstan: ЭКО-акция жалғасып жатыр

Республика бойынша 200 мың адам «Таза Қазақстан үшін» ЭКО-челенджіне ат салысып, 15 мың тонна қоқыс жиналды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желіде жазды. Үкімет басшысының бастамасын министрлер кабинеті де қолдап, шенділер сенбілікке шыққан еді. {ЗКТ:} Ал алматылықтар да қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге қоқыс тазартуға жиналды. Олар Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Көк-Жайлау шатқалынан 600 қапқа толы алты тонна қалдық шығарды.

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, ЭКОЛОГ: 

Бұл өте дұрыс іс. Халықты біріктіретін. Қазір табиғат деген қирап бара жатыр дүние жүзінде. Бәріміз қатысайық, тазалайық. Қай жерде болса да үйдің қасы болсын, жол болсын, басқа жақта ылғи қоқыстың бәрін жинауға тырыссақ онда төңіректің бәрі таза болады.  

Ал, Павлодарда Экомарафон аясында барлығы 3,5 мың тонна қоқыс жиналған. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен шаһардың ірі өндіріс ошақтарының қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытта қатысушылар аулааралық жолдарды да қалпына келтірмек. Ол үшін дәстүрлі түрде апта сайын сенбілік ұйымдастырылатын болады. {СНХ2}  

Сәкен РАХЫМСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің Павлодарымыз - өте таза қала. Одан да таза болғанын қалаймыз. Сондықтан Павлодар тұрғындарын осындай сенбіліктерге шығуға шақырамыз.