Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылорда облысының Ақтөбе ауылында құс етін өндіретін жеке кәсіпорын іске қосылады

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
5488
Қызылорда облысының Ақтөбе ауылында құс етін өндіретін жеке кәсіпорын іске қосылады

Қызылорда облысының Ақтөбе ауылында құс етін өндіретін жеке кәсіпорын іске қосылады. Қуаттылығы жылына 1 жарым мың тонна ет өңдеуге жететін құс фабрикасының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Мұнда елуге жуық ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақ басшысының Қармақшы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды. {СЮЖЕТ}.

Ақтөбе ауылы тұрғындарының негізгі табыс көзі күріш, мал және бақша шарушылығы. Енді құс фабрикасы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Онда 50-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмысқа тарту көзделіп отыр. 

Жанар БЕРДЕНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қармақшы ауданында іске асырылып жатқан инвестициялық жобамыздың бірі-«Ақтөбе и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы жылына бір мың бесжүз тонна құс етін өндіретін осы құс фабрикасы. Жобаның жалпы құны 1,9 миллиард тенгені құрайды. Зауытты орналастыру үшін 20 гектар жер телімі аукционсыз берілсе, зауытты болашақта құрама жем түрлерімен қамтамасыз ету үшін 512 гектардай жер телімі де бөлінген болатын.

Білімді, дені сау, креативті, бәсекеге қабілетті ұрпақ. Тұрмағамбет ауылының 80 орындық жаңа балабақша ұжымының негізгі ұстанымы. Жақында онда алғашқы тәрбиеленушілер де қабылданады. Өңір басшысы балабақша жергілікті шаруашылық қаражатына салынғанын айтты. 

Қуанышбек ЫСҚАҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ата-анасын ғана емес, бүкіл елінің баласы болатындай, халқының баласы болатындай азаматтар шықсын. Біздің облысымызда балабақшаларының барлығының 67 пайызы-мемлекеттігі, 34 пайызы-жеке кәсіпкерлердікі. Мінеки, осы ауылданда жеке кәсіпкерлеріміз өте қайырымды жұмыс жасап жатыр. Баланың бетіндегі күлкісінен артық ешқандай байлық жоқ.

Сондай-ақ Тұрмағамбет ауылында сүт өңдеу цехы да іске қосылмақ. Ауылда бір жарым мыңға жуық ірі қара мал бар, сондықтан шикізатпен проблема болмайды. Ал цехте қызмет етуге жұмыссыз жастар тартылады.