Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Эколог Каспий жағалауында жатқан мыңдаған итбалықтың неге қашқанын айтты

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
2292
Эколог Каспий жағалауында жатқан мыңдаған итбалықтың неге қашқанын айтты

Каспий жағалауынан теңізге беттеген мыңдаған итбалық адамдардан қашқан. Жергілікті Лада басылымына сұхбат берген эколог Кирилл Осин осылай деп хабарлаған. Итбалықтар үйірінің жағадан жанталасып теңізге қарай ұмтылып жатқан бейнекадрлары әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланған болатын. Эколог олар теңіз жағасында демалып жатқан деп болжайды. Ал адамдар оларды үркітуін қоймайтын болса, итбалықтар Каспий жағасындағы үйреншікті өмір сүру орнын тастап кетуі мүмкін екенін ескертеді. 

Ә. Өмірзақ