Ақтөбеде еріктілер екі күн бойы нәр татпай үйінде қамалып қалған мүгедекті ажалдан құтқарып қалды. Олар қараусыз қалған қызды арнайы интернатқа тапсыруды талап етіп отыр. Қамқоршысы қайда? Әлеуметтік қызметкерлер неге қызмет көрсетпейді? Бақыт Рахметова мән-жайды анықтады.
31 жастағы Айнұр Есенова екі күн бойы нәр татпаған. Бірінші топ мүгедегі пәтерінде жалғыз қалыпты. Еріктілер есікті аша алмаған соң төтенше жағдайлар қызметі мен полицияны шақыртып, пәтерге терезеден кірген.
Нұргүл СЫДЫҚОВА, ЕРІКТІ:
Есінеп отырды. Көршісін де танымай қалды. Есін жиып су ішкен соң ғана таныды. Үйі нашар мусор шығарылмай тұр. Иіс тұр. Өзіңіз түсінесіз ғой енді. Қатты әлсіреп қалған. Біз су бердік. Тамақ беруге қорықтық.
Айнұр алты жыл бұрын төртінші қабаттан құлап, екі аяғы жансызданып қозғала алмай қалған. Әкесімен жатақханада тұрады. Еріктілер қамқоршысының вахталық жұмысқа кететін біледі. Сондықтан арасында жағдайын біліп тұратын олар бұл жолы жолдары болғанын айтады.
Жасұлан ТАҒАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТЕМІР ЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГЫ:
Постельный режим дейді ғой сондай жағдайда келді. Жалпы әлсіздік науқаста. Қан қысымы жүзге дейін төмендеген. Жағдайы тежелген. Тамақтанбағаннан да болуы мүмкін. Обезвоживание дейді ғой науқас сондай болып келді.
Қазір дәрігерлер Айнұрды толық тексерістен өткізіп жатыр. Еріктілердің айтуынша, оны арнайы емдеу мекемесіне жатқызу қажет. Бірақ Айнұр есепте тұрған емхана мамандары ол үшін әкесінің рұқсаты керек деп отыр.
Сәния МУСИЕВА, №1 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР ПСИХИАТРЫ:
Интернатқа әкесінің тарапынан арыз болу керек. Менің баламды интернатқа өткіземін деген. Бірінші сот экспертиза сараптамасы арқылы дееспособность не дееспобность соны өткізгеннен кейін өз іс-әрекетіне қабілетсіз деген қағаздан кейін ғана оны интернатқа кезекке қояды. Қазір интернатқа көп адам тұр. 175 адам бар одан да көп болмаса. Уақыты келгенде барып жатады.
Ал Айнұр әкесінің қамқорлығында болғандықтан, оған әлеуметтік қызметкер бөлінбейтін көрінеді.
Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Соц работник бөлінбейді. Мына жерде показание бойынша жеке оңалту бағдарламасында соц работник жазылмаған. Тек қана МСО медико социальная учереждание. Значит олар имеет полное права ее сдать в интернат. Поставит на учет.
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
Қамқоршымен хабарласудың сәті түспеді. Оның телефоны сөндірулі. Айнұрдың айтуынша, әкесі оны туыстарына тапсырып кеткен. Дегенмен құқық қорғаушылар әкесіне қатысты тексеру жүретінін хабарлады. Қызына дұрыс қармайтыны анықталса, ??? жауапкершілікке тартылмақ.
Б. Рахметова