$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Happy Cake» цехінен ешқандай заңсыздық табылмады

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
3592
«Happy Cake» цехінен ешқандай заңсыздық табылмады

«Happy Cake» ісіне сот нүкте қойды. Кондитерлік цехтен ешқандай заңсыздық табылмады. Ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы растап отыр. Осылайша Алматы аудандық сапаны бақылау және тауарлар қауіпсіздігі басқармасына қарсы істе компания жеңіске жеткен. Тіпті департамент өкілдерінің тәтті өнімдерге жүргізген тексерісі де заңсыз болып шыққан.

Ботагөз БАЯНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот шешімімен басқарманың «Happy Cake» ЖШС қатысты тексеріс жүргізу бойынша әрекеттері заңсыз деп танылды. Сондай-ақ, басқарманың ЖШС қатысты санитарлық зерттеу актісі заңсыз деп танылды. Бүгінгі күнге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптардың сот шешіміне шағым келтіру құқықтары бар. 

Еске салайық, былтыр сапаны бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаменті Happy cake-тің рұқсат құжатынсыз жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Ал биыл сәуірде торттан уландық деген 13 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Сөйтіп санитарлық мамандар кондитерлік цехты тексеріп, біраз заңсыздық барын хабарлаған еді. Ал компания құрылтайшысы Асхат Солтанов бұл шешіммен келіспей, "Happy cake-ке жала жабылды" деген болатын. 

А. Бектас