Абитуриенттерге бөлінген мемлекеттік гранттың 3 мыңнан астамы игерілмей қалды. Енді министрлік Үкімет қаулысымен оны қайта конкурсқа шығарып, сұранысқа ие инженерлік, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтарына үлестіреді. Мұны бүгін Білім және ғылым вице-министрі айтты. Фатима Жақыпова әрбір өңір әкімдігі өз қажетіне қарай қосымша білім гранттарын тағайындайтынын еске салды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен көп балалы үйден шыққан балаларға арналған 5 мың грант жақын арада ойнатылатынын айтты.
Фатима ЖАҚЫПОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
5 тамыздан бастап 15 тамызға дейін осы жалпы республикалық конкурсқа ілінбей қалған балалар сол конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл қандай категория десек, көп балалы семьядан шыққан балалар барып, өздерінің құжаттарын тапсыруға болады. 15 тамыздан кейін 25 тамызға дейін нәтижесі шығады.
Д. Қайыртай