Негізгі / Жаңалықтар / «Халыққа көмек» жобасы арқылы тұрғындардың 500-ге жуық проблемасы шешілген

«Халыққа көмек» жобасы арқылы тұрғындардың 500-ге жуық проблемасы шешілген

Алматыда биылдан бері тұрғындардың 500-ге жуық мәселесі оң шешімін тапқан. Жылжымалы мобильді топ жұмысы кезінде нұротандықтар осылай деп мәлімдеді. Партияның «Халыққа көмек» жобасы осымен екінші рет мегаполис базарларында тұрғындармен кездесіп отыр.

Алматы базарындағы бүгінгі көрініс өзгеше. Бұл жолы халық тек сауда жасауға емес, құқықтық кеңес алуға да келді. Мобильді топтың қабылдауында болған Гаухар Бибаева өз кәсібін ашпақ ниетте. Зейнеткер «Халыққа көмек» жобасы арқылы бір емес, бірнеше мәселесінің шешімін тапты.  

Гаухар БИБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

«Іскер әйел» бағдарламасы бойынша ол кісілер көмек жасайтын болды. Жұмыссыздыққа қатысты балаларыма көмектесетін болды. Басқа да проблемалар бар, олады да шешім берді. Базарда ешкім ешқайда бара алмайды, жұмыс орындарына шыға алмайтын адамарға өте жақсы, ыңғайлы деп ойлаймын.

Партия жобасы халықтың өзекті мәселесін шешуге бағытталған. Ал жылжымалы топ «Қазір және осы жерде» қағидағасымен жұмыс істейді. Тіпті соңғы екі аптада 250-ден аса қала тұрғыны түрлі сұрақтармен жүгініпті.  

Марат АБДУЛЛАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Салық туралы, басқа мәселелер туралы, денсаулық және әлеуметтік мәселелер туралы халықпен кездесіп, біз көп нәрсені белгілеп, халыққа тікелей көмек беруге дайынбыз.

Жыл басынан бері «Халыққа көмек» жобасы арқылы 1,5 мыңға жуық адам өтінішін айтып келген. Олардың бес жүзге жуық мәселесі бүгінде оң шешімін тауып отыр.  

А. Бектас