Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Халыққа көмек» жобасы басталғалы 83 мыңнан астам адам көмекке жүгінді

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
2465
«Халыққа көмек» жобасы басталғалы 83 мыңнан астам адам көмекке жүгінді

«Халыққа көмек» жобасы басталғалы 83 мыңнан астам адам көмекке жүгінді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, толық емес отбасылар, жастар мен бизнесмендер де бар. 40 пайызының өтініші оң шешімін тапқан. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында болған тұрғындарды мазалаған сұрақ - несиенің өсімін кешіру мәселесі. Сондай-ақ елордалықтардан бөлек бейнеконференция арқылы Батыс Қазақстан, Шымкент және алматылықтардың да мәселелері қаралды. 

Арыстанғали САНСЫЗБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Негізгі бүгін келген адамдардың ішінде несиенің өсімін кешіру мәселесі бойынша және әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мәселесімен келген болатын. Осылардың барлығы ұлттық банк өкілдері, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі өкілдерінен құралған азаматтарға жолығып, өздерінің мәселелерінің шешімін тапты.

Ә. Өмірзақ